Ауылға келді - жас маман

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_38_38-2019_6.jpgНағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.


"Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Самат Сапабек-2019 жылдың маусым айында Қостанай гуманитарлық колледжін тәмамдап, 1-ші қыркүйектен бастап Валерьянов негізгі мектебінде алғашқы ұстаздық жолын бастады. Самат колледжде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған білімді маман. Жас маман өзінің мектепке келгендегі алғашқы мұғалімдік сезімімен ашық бөлісті: - Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады" деген оймен келіспеу мүмкін емес. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушылардың тәтті қылықтары мен әдемі жүздерінен шаттанамын. "Баласыз үй мазар, балалы үй базар" деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі - жан дегенде жалғызы, бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Ең алдымен өзіме осы екі асыл қасиетті серік етемін. "Білімді болуға - оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек" деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсек бірлігіміз бен кәсібіміз одан әрі жандана түсетініне сенемін. Мектеп - балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызы,- деді жас мұғалім.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондық- тан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане