Спорт десе, ішкен асын жерге қояды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_38_38-2019_3.jpgСпорттың адам өмірінде алатын орны зор. Біздің атабабаларымыз “Тәні саудың – жаны сау” деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу да адамның қабілетіне байланысты болады.


Бүгінгі таңда еліміздің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Бүгінгі кейіпкеріміздің балалық шағы Әйет ауылында өтті. Кішкентай кезінен, спорттық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ал, 2013 жылдан мектептің қоғамдық өміріне ғана емес, барлық туған ауылының намысын қорғап,жарыстарға қатысты... Ол-түрлі жарыстардың белсенді қатысушысы, өйткені, бұл - оның өмірінің ажырамас бөлігі…Бұл кейіпкеріміз спорттың жеңіл атлетика түрімен айналысады.
Данна Хусаинова- мектепте оқушылардың алды болып, көптеген мәденикөпшілік іс-шараларына қатысып, бірталай республикалық, облыстық олимпиадаларға, дәлірек айтқанда қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі пәндерінен қатысып, жүлделі орындарға ие болған. «Мектепте жүріп біраз жетістіктерге жеттім. Облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болдым. Спорт – адамға өте қажет құрал. Неге, себебі ұғына білсең, спорттағы әр ісің, ол мейлі қателігің болсын, мейлі жеңісің болсын барлығы өз кезегінде мән-мағынасын ұғындырып отырады. Сонда ғана сен спорттан алғың келген нәрсені аласың. Сырттай барлығы оңай болып көрінеді, бірақ, әр саланың болсын қиыншылығы ішінде екендігі мәлім. Өз-өзіңмен күресуді үйренесің, өзіңді қолға аласың, жаттығудағы әрбір тынысың өзіңе қымбат болып табылады. Ең қызығы, күнде әдістер мен тәсілдерді үйренесің, алда келе жатқан жарыстарға дайындаласың, сол дайындығыңның қандай дәрежеде болғандығының қорытындысын бірнеше километрлік жүгіруден білесің. Сол спорт сенің мінезіңді, тапқырлығыңды, ақылыңды, ұстазыңның сенімен қалай жұмыс жасағандығын көрсетеді. Кейде отырып, өкініп алатын кездер де болады. Бірақ спортта «Егер адам құлаудан кейін тұрса-бұл физика емес. Бұл-мінез» деген сөз бар. Жаттықтырушым «Спортшы - ол математик және психолог», деп айтатын. Бүгінгі таңда жеңіл атлетикаға мені дайындап, жаттықтырып жүрген жаттықтырушым Григорий Юдин. Бірнеше жыл бойы мені осы спорт түрімен дайындап келеді, сол кісінің арқасында осындай шыңдарды бағындырудамын десем қателеспегенім»,- дейді спортшы қыз.
Сұхбат барысында Даннаның жаны таза, нәзік, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор, спортпен қоса білімді де алғыр екендігі байқалды. Алдағы уақытта Данаға спорт пен оқуда биік белестерден көрініп, таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуын тілейміз! Еліміздің ертеңі, білімді де білгір жастардың қолында!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане