Діни-сауаттылықты арттырудың алдын алу

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_40_40-2019_7.jpgҚоғам өміріндегі діннің рөлі ерекше. Тәуелсіздік алғалы діннің беделі мен мәртебесі көтеріліп, дінге сенушілер саны артты.


Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмді тартушы күштер мен сан алуан ағымдардың да қаптап кеткені белгілі. Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі діни экстремизмге қарсы күрес. Оған дін өкілдерімен бірге мемлекеттік ұйымдар, құқық қорғау органдары да белсенді түрде атсалысып жатыр. Осыған орай, 2019 жылғы 24 қыркүйекте халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Бейімбет Майлин ауданына ауданның имамы Ислам Хамзин, Лисаков қаласының имамы Сабыржан Зейнелғабидин Исмурзин шақырылды. Іс-шара өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің арасында діни сауаттылықты арттырудың алдын алуға бағытталды. Имам өзіне-өзі қол жұмсау, діни ағымдарға қызықтыру, психологиялық зомбылық сияқты өзекті мәселелерді қозғады және ислам мен қазіргі кездегі экстремистік ағымдар арасындағы айырмашылықты барынша түсіндірді.
– Діни секталардан қауіп тек үлкен облыс орталықтарында деу қате пікір. Әсіресе, жастардың санасын улағысы келетіндер өңірлердің шалғай елді мекендеріне дейін баруға дайын. Сол себепті біз кейінгі буынды осындай қауіптердің алдын алуға бар білгенімізді үйретуіміз керек,-дейді Лисаков қаласының имамы Сабыржан Зейнелғабидин Исмурзин.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане