Қарттар күніне арналған мереке

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_40_40-2019_12.jpgДаналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.


Қария деген сөз-елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді. 1-ші қазан күні «Сұлу» ЖШС бастауымен қараттарымызға құрмет көрсетіліп, «Сұлу» кафесінде ас берілді. Қарттарымызды мерекелерімен құттықтау үшін Әйет ауылдық округінің әкімі Азамат Бақытжанұлы Бердалинов та келіп, өз тілегін білдірді. Бұл мерекеде қарияларымызға сыйлас ас беріп отырған «Сұлу» ЖШС-нің директоры Александр Сергеевич Пирог жылы ілтипатын білдіріп, қарияларымызды құттықтады. Ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары қарияларымызға өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік көңіл-күйлерін одан әрі көтеріп тастады. Тәуелібай елінен келген, ауданымыздың құрметті азаматы Нұрғали ағамыз да қарияларымызға Шәмші әндерінен шырқап, мерекені жандандыра түсті.
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане