- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 03.10.2019 05:53
-
Автор: Майра ДҮЗБАЙҚЫЗЫ
-
Просмотров: 821
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте, тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары-бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Сондай бір қазыналы отбасының отағасысы, құрметті ақсақалдарымыздың бірі-Сахан Тайұлымен тілдескен едік.
Сахан Тайұлы: 2001 ден Тобыл кентіне көшіп келіп,осы жерде бала-шағаларымызды оқытып жеткіздік. Колледж, институт бітіріп, балалар тегіс аяқтанды. Қыз балаларым тұрмыс құрып, ұрпақтарым жан-жақта жүріп жатыр. Бәрі де Алла тағаланың берген жақсылық пен куаныш арқасында болып жатыр. Бүгінде карттарға көрсетіліп отырған сый-құрмет үлкен. Қазақстан барлық қарттарын құттықтап, зор денсаулык, отбасының амандығын, барлық тілектерін қабыл етіп, Алла тағала молшылығын, жақсылығын берсін деп тілеймін. Тобыл-өте жақсы жер. Тоғыз жолдың торабы өзіме өте ұнайды. Халқына бар жақсылықты тілеймін, өзімді ақсақал деп кұрметтеп тұрады.
Өз еңбек жолыңыз бен отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз:
Сахан Тайұлы: Мен 78 жастамын, менің жолдасым Жаңылсын косылғанымызға 54 жыл болды. Жолдасым 71жаста, Алтын алқа иегері, немере - шөберелерінің арасында тәлім -тәрбие беріп, үйдің берекесін келтіріп отырады. Өміріміздің қиынында- жақсылығында бірге өткізіп, жақсы өмір сүрдік. Кейінгі жастарымызға біздің жолымызды беріп, тату –тәтті өмір сүрсе екен деймін. Өзім 1960 жылдан бастап, 2001 жылға дейін әртүрлі салада жұмыс істедім. 22 жыл жүргізуші болдым. Шаруашылық меңгерушісі, нефтебаз меңгерушісі болып жұмыс жасадым. 2005 жылы құрметті зейнеткерлікке шықтым.
Отбасында 7 баламнан 17 немерем, 2 шөберем бар. Берген бақытқа, тәубешілік жасап, құдайға мың да бір рақметімді айтамын. Балаларым Қайролла, Дархан теміржол бойында еңбек етеді, немерелерім мұғалім, инженер,тренер болып қызмет етеді. Қолымдағы немерем Нұрым Тобыл орта мектебінде 4-сыныпта өте жақсы оқиды.Кыздарым Гүлбақыт Арқалық қаласында медицина саласында, Ләйла Қостанайда органда аға маман болып, Әлия Тобыл кітапханасында қызмет етеді. Барлығы да абыроймен жұмыс жасап жатыр.
Ата-аналарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да, Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.