- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 03.10.2019 05:55
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 899
Ұстаз - таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды.
Балаларға деген махаббаты мен сүйікті кәсібі туралы бастауыш сыныбының жас мұғалімі Гүлім Бақыт айтып берді. Жас кезінен мұғалім болуды қалаған Гүлім Асхатқызы бүгінгі таңда С.Ерғалиев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарып жатыр. Ұстаздық жолын кішкентай шәкірттерімен бастаған Гүлім, осы мамандықты таңдағанына еш өкінбейтінін айтып, болашақта тәрбиелі де білімді шәкірттер тәрбиелегісі келетінін сөз етті. Мектеп директоры Аслан Ізбасарұлының айтуынша, Гүлімнің әр сабағы балалар үшін мереке. Интеллектуалды ойындар, сахналық бейнелер - мұғалім әр сабақтың жоспарын нақты дайындап қоятынын жеткізді.
«Балалар бәрін көріп, сезінеді. Сіз оларды алдай алмайсыз. Білімге құштарлық қызығушылық болған кезде көрінеді. Бұл сізге күнделікті жұмыс жасау керек процесс, жаңа нәрсені ойлаңыз, таңқалдырыңыз және сол арқылы үйреніңіз. Ең қиыны - орта мектеп оқушыларымен жұмысты бастау. Бұл балалар- өздерінің жеке пікірлері бар, кез-келген жағдайға өзіндік көзқарасы бар балалар»,- дейді жас маман.
Жас ұстаздың білім саласында бір жыл жұмыс жасағанына қарамастан, оның сіңірген еңбегі көп. Қарапайымдылығының арқасында ол өзінің жетістіктері туралы сөйлесуден бас тартты. Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжін тәмамдаған маман:
Ендігі алға қойған мақсатым - білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. "Бала жүрегі- кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек",- деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын,- деп бөлісті.
-Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда, баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет, - дейді.