Тобылда жәрмеңке болды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_42_42-2019_1.jpgӨткен сенбіде 12 қазан күні Тобыл кентінің теміржол вокзалы алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке өткен алаңға жиналған халықтың көп болуы өңірлік өнімнің сұранысқа ие екенін анық байқатты.

«Викторовское» ЖШС, «Майлин» ЖШС, «Проданец», «Тегай», «Вернигоров» шаруа қожалықтары және ауылдық округтердің жеке кәсіпкерлері , Тобыл халқының тұрғындарына дәстүрлі түрде ауылшаруашылық өнімдерін, нарықтан төмен 15% арзан бағамен ұсынды. Барлығы сатып алуға асықты, өйткені жәрмеңке ағымдағы ауылшаруашылық маусымында бірінші рет болып отыр. Көкөністер мен жемістер бақшадан әкелінген, тек жергілікті өндірушілерден алынған. Бұл жолы ең үлкен кезек ет өнімін алуда «Викторовское» ЖШС-де болды. Өнім көлеміне келетін болсақ, өндірушілер тұтынушыларға: шошқа еті, сиыр еті, жылқы еті, тауық - 1700 кг, балық – 580 кг, сүт өнімдері – 470 кг, жемістер,көкөніс, картоп 2500 кг және тағы басқа өнімдер сатылды. Барлығы 3 млн. 175 мың теңгеге сауда жасалды.
Қазір қысқа дайындық, тұздау кезінде ауылшаруашылық өндірушілері ұсынған ассортимент тобылдықтар үшін пайдалы болды. Тобыл халқы картопты, сәбізді, пиязды және басқа да көкөністерді қап-қаптап алды.
Мұндай жәрмеңке өткізу, тауар өндірушіге де, тұтынушыға да өте тиімді болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане