Қостанай қаласының әскери бөліміне саяхат

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_42_42-2019_15.jpgОрталық өңірлік қолбасшылықтың 6697 әскери бөлімінде Жастар жылы аясында оқушылар үшін Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Бейімбет Майлин ауданының "Жас сарбаз" әскери клубының оқушылары қатысты.


"Ерлік сабақтары" аясында 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері мектеп оқушыларына экскурсия жүргізді. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен танысты, сондай-ақ, сарбаздардың жатын бөлмелеріне, асханалық және медициналық пункттеріне барды. Әскери қызметшілер қонақтарға жауынгерлік жекпе-жек элементтерін көрсетті. Әскери қызметшілер жасөспірімдерді елді қорғауға шақырды және бұл елдің тыныштығын сақтау үшін азаматтық борыш екенін түсіндірді. Оқушылар үшін ауқымды мәдени бағдарлама әзірленді. Оқушыларға "Ұлт ұландары"атты деректі фильм көрсетілді. Кездесудің мақсаты-жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады. Ауданымыздан С. Ерғалиев орта мектебінің, Тобыл орта мектебінің, Май орта мектебінің оқушылары қатысқан болатын. С.Ерғалиев атындағы ОМ «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Азамат Сансызбайұлы Мухамбетжановтың айтуынша: «Балалар өте жақсы әсер алды. Болашақта Отанымызды қорғайтын мықты сарбаздар болып шығады деген ойдамын. Оқушылармен бірге «Жеңіс саябағына» барып, ашық аспан аясында музейде болдық. Байырғы жауынгер аталарымыз елі үшін жауға шапқандығын осы бір музейден байқап- білуге болады. Осындай іс-шаралар әскерге шақыру жасындағы жастарға қажет. Мұнда жастар кешегі оқушылар мен студенттердің өмірі мен тұрмысын көре алады. Аталған іс-шара болашақ Отан қорғаушылардың өскелең ұрпағына отансүйгіштіктің көрнекі үлгісі болды»,-дейді клуб жетекшісі.
Осындай таныстыру іс-шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметкерлерге қонақжайлығы мен жылы қабылдауы үшін алғыстарын білдірді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане