Қазақша күрестен жарыс өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_44_44-2019_3.jpgКүрестің ұлттық түрі «Қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр.


Спорттың бұл түрімен айналыспаған адам кемде-кем. Осыған орай, 25-ші- 27-ші қазан күні Қостанай қаласында Қазақ күресінен 2003-2004 жылғы жасөспірімдер (мен ұлдар-қыздар) оқушылар арасында «Халық қаһарманы Р.Қошқарбаевты» еске алуға арналған рсепубликалық жарыс өткен болатын. Осы жарыста ауданымыздың намысын біздің Тобыл кентінің оқушылары мен Набережный ауылдық округінің оқушылары қорғап келген болатын. Жүлдегер болып оралған оқушыларымыз да бар. Бұл спортшыларды дайындаған Меймамбек Тулепов, Бинат Насибов Тобыл кентінің білікті жаттықтырушылары, және Жәнібек Нағызхан Набережный ауылының жаттықтырушысы. Жүлдеге ие болған оқушыларымызды айта кетсек, олар - Аяжан Танибергенова 1-орын, Самалай Ерғалиева 1-орын, Айдана Парижжанова 3-ші орын, Валентина Дурды 3-орын, Құдірет Бостан 3-орын. Жастардың спортқа деген ынтасы мен ықыласы ның артып келе жатқандығын осы жарыстан айқын байқауға болады. Өйткені, қатысушылар оған жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.
- Ұйымдастырылған бұл игі бастама тек жастарымыздың арасында ғана емес, барша спорт сүйер қауымның арасындағы достықтың нығаюына да өз септігін тигізері сөзсіз,- дейді Набережный ауылының жаттықтырушысы Жәнібек Нағызхан


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане