- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 31.10.2019 08:02
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 948
Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған Елбасының Жолдауын - егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.
26-ші қазан күні дәстүрлі түрде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Николай Ананьевич Зюковті еске алуға арналған волейболдан 6-шы турнир өткен болатын. Бұл турнир Набережный ауылдық округінің спорт кешенінің қабырғасында өтті. Ауылдық округтерден құралған 6 команда қатысып, бақ сынасты. Жарыстың салтанатты ашылуында мемлекеттің Әнұранымыз ойналып, көк Туымыз желбірей көтерілді. Бұдан соң бишілер тобы мың бұрала би билеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Турнирдің басты мақсаты: ауданда волейболды насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, ауданның мықты командаларын анықтау, волейбол бойынша аудан құрама командасын қалыптастыру. Турнирдің ұйымдастырушылары Набережный селолық округінің әкімшілігі, Бейімбет Майлин аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі. Спортшыларға Набережный ауылдық округінің әкімі Талғат Төлепбергенұлы Түйтебаев сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Оқ бойы озық көрінген жүлдегер командалар арнайы грамота мен сыйлықтарға ие болды. Қорытынды бойынша, жүлделі 1-ші орынды Май ауылдық округінің командасы, 2-ші орын- ды Набережный ауылдық округі, 3-ші орынды Әйет ауылдық округінің командасы қанжығасына байлады.