«ЖАС САРБАЗ» патриоттарды тәрбиелейді

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_45_45-2019_1.jpgЕлбасы өз сөзінде жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін елімізде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын құру керектігін айтқан болатын.


Бейімбет Майлин ауданында Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық ұйымы ашылады.
Аудан бойынша бірінші болып «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубын ашпақ. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойына патриоттық тәрбиені сіңдіру.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында әскери-патриоттық тәрбиені жандандыру, әрбір мектепте осы жұмыстарды қолға алуды тапсырған еді. Осыған орай, Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі нақты іс-шараларды орындауға кірісіп кетті.
Өскелең ұрпаққа отансүйгіштік сезімнің, азаматтық жауапкершіліктің, еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтің қалыптасуына бірлесе жағдай жасалмақ.
Бұл қадам – Елбасының тапсырмасын орындаудағы біздің ауданымызда алғашқы нақты іс-шаралардың бірі. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды. «Жас сарбаз» балалар- жасөспірімдер бірлестігі мектепте әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін нығайтуға өз септігін тигізбек.
Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу. Осы бағытта болашақ клуб жетекшісі Азамат Мухамбетжанов былай дейді: «Мақсатымыз – жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне ғана қызмет етіп қоймай, елдің болашағын да тәрбиелеу. Біз көптеген іс-шараларда оқушыларды белсенділікке тартуға тырысамыз. Атап айта кетсем, жақында Тобыл кентіндегі әскери бөлімге, оған қоса, Қостанай қаласына оқушыларымызды алып барып, «Жеңіс» саябағында болып қайттық».
«Жас сарбаз» ұйымының өзіндік гимні, бірыңғай киім үлгісі, имидждік өнімі болады. Қозғалыс 4 бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады. Олар: білімді «Жас сарбаз», «Саналы жас сарбаз», «Жігерлі жас арбаз» және «Жас мерген».


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане