«Қарапайым заттардың экономикасы» қандай жоба?

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_46_8.jpgҚолжетімді қаржыландыру міндеттерін шешу және "қарапайым заттар экономикасын" дамыту үшін ағымдағы жылы теңгелік өтімділік бағдарламасы басталды, оны іске асыруға 3 жыл ішінде 600 млрд.теңге көзделген.


Жаңадан жасақталған алқа бағдарламаға кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын, бизнес жобаларды, бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап қаржыландыруға дейінгі сүйемелдеуді жүзеге асырады. Жобаларға үнемі мониторинг жүргізіліп, проблемалық сұ­рақтарды шешу жолдары қарас­тырылады.
Бұл ақпаратты аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мира Қазкеева растады.
Жалпы, бұл бағдарлама ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген. Бөлінген қаражат басымды жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Субсидиялау жылдық 15% - дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бар кредиттер бойынша жүзеге асырылады, оның 6% - ын (тіркелген мөлшерлеме) кәсіпкер төлейді, қалғанын мемлекет субсидиялайды. Бағдарламаға жаңа өзгерістер пакетін әзірлеу шеңберінде ПОС мақсаттарына қаржыландыру мөлшері бойынша шектеуді 100% - ға дейін алып тастау және "қайта қаржыландыруды" енгізу (100% инвест.және жобаларды іріктеу критерийлеріне қарсы міндеттемелері бар ПОС-тың мақсаттары мен ПОС-тың 50% - дан артық емес). Қатысушылар бағдарламада бекітілген (65 ЭҚЖЖ бойынша тауарлардың 36 тобы) тауарлар өндіретін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Бұл ретте, жобаның нысаналы мақсатын растау үшін тауардың кемінде бір түрін шығару жеткілікті. Облыста кредит беру екінші деңгейдегі 8 банк арқылы жүзеге асырылады: ("Банк ЦентрКредит" АҚ, "Нұрбанк" АҚ, "Еуразиялық банк», "АТФ Банк", "Қазақстан Халық банкі", "Сбербанк", "Форте Банк"», АҚ "Цеснабанк"). Қаржыландыру республи­калық бюджеттен жүзеге асыры­лады. Қаржы алу үшін банкке өтінім беріп, бағалау мен бекіту үрдістерінен өту керек.
Осы орайда, Мемлекет басшысы айтқандай, «қарапайым заттар экономикасының» мүмкіндіктерін кәсіпкерлік қауымдастықпен бірге жіті зерттеп, талдаудың уақыты туғанын, соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құруға да жол ашылатынын айтқымыз келеді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане