- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 13.11.2019 14:29
-
Автор: Ольга КИСЕЛЁВА
-
Просмотров: 835
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары саясатта, бизнесте және қоғамдық өмірде табысқа жеткен әйелдер болды. Олар тәжірибе алмасып, серіктестер мен пікірлестерді іздеді, мақсат қойып, оларды өмірге енгізуді үйренді.
Отбасы, бизнес және рухани өсу. Бұл үш панельдік сессия тақырыптары. Оларды бизнестің, қоғамдық, мемлекеттік ұйымдардың және ірі корпоративтік сектордың 150 белсенді әйелдері талқылауда. Олардың әрқайсысы тек өңір үшін ғана емес, ел үшін де үлестерін қосуға дайын. Біздің ауданымыздан да «Іскер әйелдер» құрамы форумға қатысып, өркендеп, даму жобаларымен танысып келді. Кәсіпкер жандарды құттықтау үшін, алдағы істеріне сәттілік тілеп, Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Зауре Ануарбекқызы Байменова сөз сөйледі. Форумда Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы» төрағасының орынбасары Азиза Шөжеева қатысып, тренингтер өткізді. Облыстық форумда аудандардың кәсіпкер нәзік жандары өздерінің тәжірбиелерімен бөлісіп, форумда белсенділік танытты.
«Саяси маусым бастағандықтан,сондықтан, барлық әйелдер жанданып келеді. Бүгін біз өзінің мансаптық өсуін жоспарлап отырған Қостанай облысының ең табысты әйелдерін жинадық, олардың мүмкіндігінде мәслихат депутаттарының сайлауына қатыса алады, және тек өзі туралы мәлімдеуге мүмкіндік бердік», — дейді Қостанай облысы бойынша Саясаткер әйелдер клубының төрайымы Римма Бектұрғанова. Азиза Шөжеева әйелдерге мансаптық сатымен қозғалуға көмектесетін "ақ квоталарды" құруды ұсынды. Яғни, бұл іскерлердегі көрсетілетін қолдаудың бір түрі болмақ.
Ауданымыздан барған біздің де нәзік жанды кәсіпкерлеріміз өздеріне керекті тәжірбиені жинақтап, әрі қарай аудан өміріне, оған қоса елімізге үлестерін тигізетін жұмыстар жасалынатына сеніміздіміз.
«Бүгінгі форумда бергенімізден, алмағымыз көп болды. Кәсіптік өмірде тәжірбиесі мол жандар келіп, өздерінің ақылдарын айтып, көптеген бағыттарымен бөлісті. Біз үшін бұл үлкен тәжірбие болмақ. Форумда қозғалған тақырыптар болашақта біздің де жандануымызға зор мүмкіндік береді деп ойлаймын»,- дейді кәсіпкер Гүлбарам Жұмағалиқызы.