Депутаттық фракцияның отырысы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_47_10.jpgҚазақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынған еді.


«Партияның Мәжілістегі фракциясының жұмысын барынша күшейту керек. Бұл партия-міндеттерін орындаудың және атқарушы органдарға ықпал етудің негізгі тетігі»- деген болатын.
13 қараша күні Бейімбет Майлин аудандық «Nur Otan» партиясының филиалында депутаттық фракциясының отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасы мен съездерде қабылданған шешімдердің орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту және Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында «Аудандық бюджетті меңгеру» туралы сұрақ қаралды, Тобыл кентінің тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша сұрақ қаралды. - Партияның күнделікті жұмысын айтарлықтай жандандыру керек. Біз үлкен деректер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халықтың сұранысына алдын ала жауап беруді үйренуіміз керек, – деді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Жұмабайқызы Калимова.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане