- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 28.11.2019 06:21
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 814
Бүгінде қоғамда ерлермен қатар еңбек етіп жүрген әйел азаматшалар көп. Мемлекет басшысы қай жерде де аналардың еңбегін ерекше бағалайды.
Әйел-аналарымыз ел тәуелсіздігінің нығаюына, экономиканың дамуына, ел бірлігін нығайтуға өзіндік үлесін қосуда. Ең бастысы, олар еңбек ете жүріп, өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп отыр. Бүгінгі ана өз ұрпағын отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ізгілікке баулып, олардың жарқын болашаққа деген сенімін еселеуде. Олардың мемлекеттік органдарда, түрлі басқарма басшылығында, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала секілді халықпен етене жұмыс істейтін салаларда салмағы басым. Білім саласы үздіксіз ізденісті, тынбай еңбектенуді қажет ететін сала.
Білім беру мен оның сапасын арттыру – ондағы қызметкерлерге жүктелер міндеттердің бірі. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өскелең өрендер санасына білім нәрін сеуіп жүрген жандардың бірі, бүгінде Валерьян аулының негізгі мектебінде де көштің басын ұстап отырған,Гүлшат Еленқызы Утепованың бастауымен, осы мектептегі нәзік жандыларды көрсетуді жөн санадық. Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та, артықтық етпейді. Қазіргі таңда Валерьян негізгі мектебінде 20-ға жуық мұғалімдер жұмыс атқарып жатыр. Олардың арасында жас мұғалімдер де, көптеген жылдар бойы ұстаздық жолда келе жатырған жандар да бар. 6 мұғалім қазіргі таңда жоғары санаттағы ұстаздар.
«Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын» - деп, Гүлшат Еленқызы өзінің әріптестеріне жүрекжарды лебізін білдірді. Ал, біз ұстаздар қауымына «Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Олардың құрметі мен махаббатына бөленіңіз!» дегіміз келеді.