- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 12.12.2019 06:25
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 758
Теміржол саласының әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше деп айтуға болады. Олар бұрын да қалаларды бір-бірімен байланыстыратын басты транспорт түрі болған және әлі де солай болып келеді.
Бүгінгі санымызда Ғалия Анварновна Қалабаева туралы айтамыз. 1997 жылы дүниеге келген жас маман, бүгінде Тобыл кентіндегі Қазақстан теміржолы акционерлік қоғамында басқару пультінің операторы болып жұмыс жасап келеді. 1 жыл көлемінде жұмыс атқарып келе жатырған Ғалия, бүгінде өзінің мамандығын жеке өзі таңдап, болашаққа нық қадаммен келе жатқаны туралы айтты.
- Жұмысымның ауыртпашылығы жоқ емес, бар. Әрбір пультті басқарып, қосып, оны дәл уақытында сөндіріп отыру, әрине, жауапкершілікті талап етеді. Менің әкем теміржолшы болып жұмыс атқарған. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін оны әскерге алып кетіп, сосын басқа мамандықта жұмыс жасады. Ал, менің мақсатым анық. Болашақта Қазақстан теміржолын дамытып, өз үлесімді тигізгім келеді. Дәл осы мамандықты таңдаған кезде ата-анам маған мүлдем қарсы болмады. Өзіңнің болашақта наныңды тауып жейтін мамандық,сондықтан, өзімнің таңдауыма мүмкіндік берді. Сөйтіп, мен дәл осы мамандықты таңдадым. Басында қиын болғанымен қазіргі уақытта қолым үйреніп кетті десем болады. Тәлімгерлерімде болды. Білмегенімді көрсетіп, білмегенімді үйретті. Атап айтатын болсам, Неля Мандзюк, Иван Пайганов. Осы кісілердің маған жасаған жақсылықтары аз емес. Жұмысқа енді орналасқан кезімде маған барлығын көрсетіп, өз көмегін тигізген осы кісілер болды. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз»,- дейді Ғалия Қалабаева.
Десе де, «Ақыл – жастан» дейді атам қазақ. Жастардың жігері мен белсенділігін орнымен пайдаланса, елдегі негізгі бастамаларды жаңғыртудың жолдары ашылады деп ойлаймыз. Бұл тарапта Ғалия Қалабаева да өз пікірін айта кетті: «Болашақтағы мамандықтар мен бағдарламалардың іске асырылуына жастар тарапынан да белсенді қоғамдық бақылау жасалу қажет. Сонда жастар еліміздегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші бола алады. Жалпы, жастар саясатын одан әрі жетілдіре отырып, жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың маңызы зор деп білемін»,- дейді. Қазіргі жаңа заманның келбеті, жаңа заман техникасының тілін білуді, өндіріске түгел енген ақпараттандыру техникасы мен компьютерлендіруді меңгеруді қажет етеді. Сондықтан жас маман үнемі ізденіс үстінде, білімін дамыту мақсатында қазіргі таңда білім алуда.