Тобылда қарлы қалашық ашылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_52_52-2019_7.jpgҚара жердің бетін ұлпа қар басқан сәттен әрқайсысымыздың бойымызды жаңажылдық көңіл-күй жайлай бастайтыны анық. Жаңа жыл – әсіресе, балалардың көптен тосатын мерекесі.


18 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00-де Тобыл кентінде қарлы қалашық салтанатты түрде ашылды. Дәстүр бойынша біз Жаңа жылды достарымызбен және отбасыларымызбен қарсы аламыз. Жаңа жылдың басты атрибуты - бұл орман сұлулығы шырша. Тобыл орта мектебінің оқушылары жиналған Қарлы қалашығымыздың ашылуында Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алып, мәртебелі Мырза Жаңажылдық шыршаның шамдары жағылды.
Тобыл әкімінің орынбасары Есмаганбетов Аманжол Бауыржанұлы құттықтау сөзбен ашты.
Балалар Аяз Атамен, Ақшақармен бірге билеп, ойындар ойналып, ән салды. Аяз Ата мен Ақшақарға балалар өздерінің дайындаған тақпақтарын, әндерін айтты. Аяз Ата барлығына да тәтті сыйлық таратты.
Келе жатқан жаңа 2020 тышқан жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, қарлы қалашық және Жаңажылдық шырша Тобыл халқының көңілін көтеруіне себепші болсын! 2020 жылыңыз құтты болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане