Білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру туралы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе-балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.


Осы тұрғыда инклюзивті білім беру ауданымызда қалай жүргізіліп жатырғаны туралы білім беру бөлімінің әдіскері Сәуле Хасеновадан ақпарат алған болатынбыз.
- Сауле Әмірғожақызы, аудан бойынша қанша мектепте инклюзивті білім беру бойынша оқушылар мен арнайы педагогтар бар?
- Қазіргі таңда ауданның 26 мектебінің 23 мектебінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған, онда 294 бала (9,1%) білім алады. 13 мектепте 14 психолог, 20 мектепте 21 әлеуметтік педагог бар, олар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік – психологиялық қолдау көрсетеді.
-Қазіргі жаһандану заманында білімімізді арттырып отыруымыз керек, осыған орай, ауданымызда инклюзивті білім беру жүйесі бойынша педагогтар белгіленген курстардан өтті ме?
- Аудан мектептерінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Инклюзивті білім беруде жұмыс істейтін педагогтар: 314. "Инновациялық білім беру" зияткерлік орталығы құқықтық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың қазан айында инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша 270 педагогқа арналған курстар ұйымдастырылды. Курс соңында барлық педагогтарға сертификаттар берілді. Ал, 2018 жылы 45 педагог курстан өтті.
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға мектептерде қандай мүмкіндіктер жасалынған?
- Жалпы атап өтетін болсақ, "Б. Майлин атындағы ОМ" КММ базасында аудандық логопедтік пункт жұмыс істейді. Сабаққа 7-10 жас аралығындағы 20 бала қатысады. Онымен қоса, ерекше бала үшін оның барынша қол жетімділігі мақсатында ортаны жаңғырту қажет. Осыған орай, ауданның 17 мектебінде пандустар бар, 11 мектепте дабыл түймелері орнатылған және жұмыс істейді. Аудан мектебінде қолайлы жағдай жасау мақсатында ЖТД бар балаларға жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. 2020 жылы 4 мектепте: Юбилейная ОМ, Береговая ОМ, Набережный ОМ, Красносельск ОМ-де, әрбір мектепте сомасы 1245,9 мың теңгені құрайтын ғимаратта бейімдеу жасалыну жоспарлануда.
- Педагогтардың жұмыстарының нәтижесі әрқашанда жарыстардан көрінеді, ерекше білім алатын оқушыларымыздың жетістіктерін атап өтсеңіз?
- Әрине, оқушыларымыздың алып жүрген жетістіктері өте көп. Солардың бірі, Май ОМ 11-ші сынып оқушысы Данияр Биклеев. Данияр кәсіби жеңіл атлетикамен айналысады, оның ішінде ядро лақтыру бойынша. Ол тек облыстық қана емес, халықаралық жарыстардан да жүлделі орындармен оралған. Тағы бір дарынды Май ОМ оқушысы, ауданымыздың мақтанышы-Анна Савицкая. Анна Савицкая -"Дарынды балаларға – талантты ұстаз" конкурсының республикалық кезеңінің жүлдегері, "Ұлы дала есімдері" облыстық фестивалінің жүлдегері, "Өркен" V ашық республикалық балалар бейнелеу және сәндік - қолданбалы өнер байқауының жеңімпазы. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.
- Сауле Әмірғожақызы, сұхбатыңызға және берген ақпараттарыңызға рақмет.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане