«Қош келдің, Ескі-Жаңа жыл»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_2_2-2020_6.jpgҚаңтардың 13-інен 14-іне қараған түні ескі Жаңа Жыл атап өтіледі. 1699 жылы I Петр Жаңа Жыл мерекесін 1 қаңтарда тойлауды бұйырып, бүкіл елде юлиан күнтізбесін бекітті.


Ескі Жаңа жыл-бұл өте сирек тарихи феномен, тағы бір мереке. Күнтізбелердің айырмашылығына байланысты біз екі Жаңа жылды — ескі және жаңа стильде атап өтеміз. Юлиан күнтізбесі бойынша ел 1918 жылға дейін өмір сүріп келді. Большевиктер «Бұрынғы кеңес елінде Батыс Еуропа күнтізбесін енгізу туралы» өкімет қаулысын шығарды. Бұл қаулы мерекелерді григориан күнтізбесі бойынша тойлауға ықпал етеді.
Осыған орай, 13-ші қаңтар күні аудандық Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі қабырғасында «Қош келдің,Ескі жыл» атты мерекелік бағдарлама өтті. Мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары келіп, көтеріңкі көңіл- күйде болды. Сахна төрінде аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен ауданымыздың мәдениет үйінде өнер көрсетіп жүрген бишілеріміз бен әншілеріміз өз өнерлерін көрсетті. Тек қана ән мен би емес, әртістеріміз «Тамашадан» үзінді көрсетіп, көрермендерді күлкіге қарық қылды. Сонымен қатар, ата-әжелерімізге арнап, ескі әндер де шырқалды. Мереке соңында, көрермендер де өнерпаздарымызға алғыстарын білдіріп,ерекше қошемет көрсетті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане