- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 16.01.2020 06:43
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 735
2020 жылдың 5 қаңтарынан бастап заңнамалық актілерге енгізілген атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік қолдау шараларын тағайындауды және төлеуді регламенттейтін өзгерістерге сәйкес жаңа форматта АӘК төлеу тетігі түзетілді. Оның негізгі принципі-мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсететін болады.
АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері мыналарды көздейді: атаулы әлеуметтік көмекті тоқсан сайын тағайындау; АӘК тағайындау үшін қолданыстағы шекті өлшемді сақтау – отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% - дан кем болуы тиіс; отбасының барлық мүшелері үшін АӘК мөлшерін жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде айқындау; еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптарды күшейту, олар жұмысқа орналастырудан бас тартқан жағдайда АӘК; осы үдерісте учаскелік комиссиялардың рөлін күшейте отырып, отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу мерзімін 3-тен 7 күнге дейін ұлғайту.
Кепілді әлеуметтік пакетті ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларын азық – түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ, оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Көпбалалы отбасылар үшін республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттік жәрдемақылар енгізіледі. Осы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отбасының табысына байланысты болмайды және 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға төленетін болады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға-42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға-63 757 теңге; 7 балаға– 74 388 теңге.