Оқушыларымыз жүлдемен оралды

2020 жылдың қаңтар айында Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.


Олимпиадаға ауданымыздан 6 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Б.Майлин атындағы орта мектеп оқушысы Никита Приз ағылшын тілі пәні бойынша 2-ші орынға ие болып, Гулая Тахмазова 3-ші орынды қанжығасына байлады. Айта кетейік, Никита мен Гулая 2 жыл қатарынан аудан намысын жоғары нәтижеде қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Біз жүлдегерлер мен қатысушыларға оқуда табыс және жаңа жеңістер тілейміз!
Дәл осындай атаулы халықаралық еуропалық пәндік қашықтық олимпиадасында 100 баллдан 97 баллға ие болған Тобыл орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы Аруай Хасенова маусым айында Польша еліне барып, марапаттау рәсіміне қатысатын болады. Ауданымыздың атын шығарып жүрген жас буынға тек қана шабыт тілеп, одан әрі шыңдалуына тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане