- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 23.01.2020 06:11
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 666
Егер күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай әлеумет пен тұрғындардың көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды.
Ағымдағы жылдың 20-шы қаңтарында «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Жанна Қалимова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Овчарова және кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Мира Қазкеева партиялық бақылау комиссиясы шеңберінде Әйет ауылы дүкендері мен Тобыл кентінің дүкендерінің азық-түлігіне мониторинг жүргізді.
«Ауданда әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға бойынша жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың 20 қаңтарындағы жағдай бойынша бағаның негізсіз өсуі фактілері тіркелген жоқ. Әйет ауылы , Тобыл кенті және де Май ауылына тұрақтандыру қорынан 18 тонна қанттың жіберілу бағасы 1 килограмм үшін 227 теңге, 117740 дана жұмыртқа он жұмыртқаға 230 теңге, 1 кг үшін 165 теңге бағасымен 600 кг мейіз, 100 кг қарақұмық жармасы 1 кг үшін 145 теңге бағасымен жеткізілді. АИ-92 бензині бұрынғы баға бойынша -155 теңге, дизель отыны: жазғы-205, қыс-125 тг құрап отыр»,- дейді аудандық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Мира Қазкеева.