Еріктілер жылы басталды

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_3_3-2020_10.jpgПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында келер жылды «Еріктілер жылы» деп бекітті. Бұл барлық еріктілерге серпін беріп, жаңа ізденістерге жол ашары сөзсіз.


Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Ерікті болу – ерлікпен тең. Еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса, алынбайтын асу жоқ. Еріктілікпен айналысуға, ең бастысы, ниет керек. Қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін қаражат емес, белсенділік қажет екенін осыдан көреміз.
«Ерікті деген бұл - әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. Бұл – жастардың бойында азаматтық позицияны, патриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі. Ерікті болу арқылы біз жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің Отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай, оған өзіндік үлесін қосуға шақыратын бірден-бір платформа деп айтсақ болады»,- дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Еркін Назаров.
Аудан бойынша еріктілер саны қазіргі таңда 70-тен астам. Олардың айтуы бойынша, волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане