«Бүгінгі оқушы, ертеңгі студент»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_3_3-2020_3.jpgТобыл орта мектебінің оқушылары «Тест Драйв в УрФУ» атты университет қабырғасында екі күндік оқуға және оқуға құқық беретін оқушыларға арналған конкурсқа қатысып келді.


Осы конкурсқа мектептің 5 оқушысын жинап, «Жаңа буын» тобын ашқан Тобыл орта мектебінің география пәні мұғалімі Альмира Бурлибаева жарыстың қыр-сырымен бөлісті.
«Акцияға Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінің оқушылары қатыса алатын болғандықтан, неге біздің де оқушыларымызды қатыстырмасқа деп ойладым. Құрамдағы балалармен сөйлесіп, ата-аналарының рұқсатын алып, сырттай жарысқа қатыстық.Бұл конкурста 2 міндетті тапсырманы орындау керек болды. Яғни, команданы ұсыну және әлеуметтік маңызы бар мәселе туралы бейнебаян түсіріп, Instagram желісіне топтың атымен жүктеу керек болатын. Одан әрі әділ-қазы алқасының сайлауы өтті. Біраз күннен кейін біздің конкурстан өткеніміз туралы хабар келді. Оқушылардың ата-анасының келісімімен Екатеринбург қаласына барып қайттық. Оқушыларымыз 2 күн бойы студенттік өмірдің қызықтарымен таныс болды. Университет туралы көптеген мәліметтер білді десек болады. Балалардың болашағы, біріншіден, ұстаздардың қолында. Сондықтан, әрі қарай оқушыларды дамыту керек,»- дейді Альмира Бурлибаева.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане