Конфессияаралық қатынастардың жағдайы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_5_5-2020_2.jpgБарлығымызға белгілі 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп белгіленген болатын. Сол себепті еріктілерімізге жүктелген іс-шаралар да ұшан-теңіз.


Осыған орай, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес еріктілермен кездесу өткізілді. Бұл кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ольга Нұрғалиева еріктілермен «Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық қатынастардың жағдайы» тақырыбында әңгіме өткізіп, қазіргі әлемде Қазақстан тұрақты саяси жүйемен, әлеуметтік тұрақтылықпен, табысты дамыған мемлекеттердің бірі болып саналатынын атап өтті. Аталмыш іс-шараға аудан еріктілері белсене атсалысып, белгілі тақырыпта сауалнамаларды толтырды.
Еріктілермен кездесу барысында ағымдағы жылы өзінің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық қатынастарын нығайтудағы маңызды рөлі атап өтілді.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане