- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 06.02.2020 06:21
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 770
Фестивальдің мақсаты - балалар шығармашылығын дамыту және өскелең ұрпақты эстетикалық адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу.
Бұл- фестивальдің басты міндеті болды десек болады. 3-ші ақпан күні Е. Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі қабырғасында өнерпаз хореографиялық ұжымдар арасындағы дәстүрлі «Армандастар» облыстық балалар шығармашылық фестивалі өтті. Биылғы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орайластырылып отыр. Дәстүрге айналған бұл сайыс осымен 11 жыл қатарынан өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аудандық кезеңде жеңіске жеткен би тобы мен қойылым көрсеткен шығармашылық топ облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғайтын болады. Қорытынды бойынша, би номинациясы бойынша 1-ші орынды Май орта мектебі, 2-ші орынды С. Ерғалиев атындағы орта мектебі мен Набережный орта мектебі иемденіп, жүлделі 3-ші орынды Валерьянов негізгі мектебі қанжығасына байлады. Ал, қойылым номициясында 1-ші орынды С. Ерғалиев атындағы орта мектеп иемденсе, 2-ші орынды Валерьянов негізгі мектебі, ал, 3-ші орынды Приозерное негізгі мектебі жеңіп алды. Бүгін түрлі аталым бойынша үздіктер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Театрландырылған көрініс пен биден шашу шашылған әдемі кеш ешкімді әсерсіз қалдырмады.Қай қатысушы болмасын өзінше өнерлі, өзіндік өзгешелігімен көзге түсе білді. Осылайша, «Армандастар» конкурсына қатынасқан оқушыларымыз биік белесті бағындырып, жеңімпаздарымыздың мерейі асқақтады.