Ауған соғысындағы ерліктер ұрпаққа өнеге

Ел тәуелсіздігін жариялағалы Ауған соғысына нүкте қойылған күн жыл сайын аталып өтеді. Жас өмірін бөтен елдің қуаң тартқан сұрықсыз шөлінде, тас шатқалдарында қиған боздақтар мен тағдыр туған жерге оралуды бұйыртқан ауған ардагерлерінің ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге.


2020 жылдың 15 ақпанында одақ әскерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, Тобыл кітапханасы қабырғасында «Ерліктің шыңы» атты іс-шара өтті. «Думан» Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі М.Д.Мырзагалиева мен кітапханашы А.Б. Абылкалыкова тарихты еске түсіріп, өлеңдер оқып, интернационалист-әскерлердің ерлігі, Отан алдындағы парыздарын ерлікпен орындағандары жөнінде жоғарғы сынып оқушыларына таныстырып өтті. Өздерінің әскери міндеттерін Отан алдында өтеп, қаза болған батырларды еске алу мақсатында, 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Іс-шара- жастар арасында елге деген сүйіспеншілікті, Отан алдындағы парызды түсіну, Ауған соғысына қатысқан ерлерді құрмет ету, патриоттық сезімді ояту мақсатында ұйымдастырылды.
Сондай –ақ, Тобыл кентінің КМҚК Қостанай индустриалық педагогикалық колледжінде Тобыл орта мектебі мен колледж оқушылары жастар арасында Ауған соғысындағы әскерилердің шығарылғанына 31 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған әскери спорттық жарыс өтті.
Әскери спорттық жарыста Калашников АК-74 мылтығын бөлшектеу және құрастыру, мылтық ату, арқан тарту сайыстарынан сынға түсті. Командалық сайыста колледж командасы алға түсіп, жеңімпаз атанды.
Жастар үшін осындай іс-шара үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Бұл кездесу олардың бойында патриоттық сезімді оятып, жауынгер батырлардың есімдерін қастерлеуге шақырды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане