- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 27.02.2020 07:33
-
Автор: Балзина АТИМТАЕВА (сурет отбасылық архивтен)
-
Просмотров: 730
«Адам өміріндегі – ең үлкен қуанышы бала сүю» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, балалы болу бақыт, ал көпбалалы болу одан да үлкен бақыт болса керек.
Осынау айтулы мереке қарсаңында көпбалалы Бердімұратовтар отбасының балалары анасы Сарай ханымға алғыстарын білдіреді. «Қазіргі таңда балаларым ер азамат болып, тұңғышым тұрмыс құрып, ұлдарым құстарын қолдарына қондырып, бақытты күн кешуде. Кіші қызым қазір мектепте жұмыс істейді. Маған балаларымның бақытынан басқа ештеңе керек емес»,-дейді Сарай ханым.
Деседе, балаларды жалғыз өсіріп, бағып, тәрбиемен қоса, білімін әрі қарай жетілдіруге талпынған анамыздың ұл-қыздары бүгінде тек қана алғыстарын айтуда. Тұңғыш қызы Жанбота, ұлдары Нартай мен Арғынғазы және кенжесі Ақмарал Сарай ханымның көз қуанышы болып отыр.
«Мереке әлі алда, анамызға әрқашанда сыйлық жасап, қуантып тұруға тырысамыз. Тек қана мейрам қарсаңында емес, әрбір күнін мереке еткіміз келеді. Анамның батылдығы маған да дарыса деймін. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, біздің анамыздың жүзінен күлкі кетпей, ұзақ өмір жасағанын қалаймыз. Әр ата-анаға баласының қуанышы мен жеткен жетістігі бақыт емес пе? Мен де өз анама шексіз алғысымды білдіремін. «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып, тақымын қысады» демекші, біздің кез-келген жеңіс бастар сәттеріміз анам үшін үлкен үміт»,-дейді Сарай ханымның кенжесі Ақмарал.
«Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда да, ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп кемеңгер жазушы Мағжан Жұмабаев бекер айтпаса керек. Баланы тәрбиелеп, одан болашағы жарқын азамат өсіріп шығарудың өзі үлкен өнер болса керек. Сол өнерді шыңға көтерген Сарай ханымға балаларымен қоса, біз де өз ризашылығымызды білдіреміз.