Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасы өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_10_10-2020_10.jpg3 наурызда Қостанай қаласында «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасы облыстық деңгейде өтті.


Аталмыш олимпиаданың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады.
Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасына облысымыздың 220 тіл дарындары қатысты. Осылайша, облыстық деңгейде өткен республикалық олимпиадада ауданымыздың атағын бес номинация бойынша 10 оқушы қорғады. Өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды. «Әнші бұлбұлдар» номинациясында 3-орынға ие болған –Альбина Адилханова мен Дарья Стоногина, ал, «Білгірлер бәйгесі» номинациясында Гулая Тахмазова 2-орынды, ал, Назерке Бауыржан 3 – орынды иемденіп, жеңіске жетті.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының өткізілу міндеті-келешек ұрпаққа, оқушыларға 7-11-сынып оқушылары арасында тіл әдебиеті бағытында жас дарындарды анықтау. Естеріңізге сала кетейік, «Бейнелеушілер» аталымы биыл бірінші рет өткізілуде.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане