Кейіпкерлерді комикс жанрында сөйлетеді

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_10_10-2020_13.jpgКомикс жанры арқылы ертегінің сюжеті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндалады. Осылайша балалар қазақ ертегілерімен және аңыздарымен жақынырақ танысады.


С.Ерғалиев атындағы орта мектеп оқушысы Әмина Айтқазы-комикс жанрына қызығушылық танытып,осы жанрмен белсенді айналысып жүрген оқушылардың бірі. Әмина өз бағын алғаш рет Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде қорғап, жүлделі 2-ші орынға ие болған еді. Ерекше жанрдың қыр-сырымен танысып, қазіргі таңда, басқа да жарыстарға қатысу ойы бар. Бала қиялы әрқашан еркін, ой - арманы шексіз екені белгілі.
Әминаның комикс жанрында салған ертегі суреттері таңқаларлық ой-жоспармен, бояулармен, бейнеленген эмоциялармен, көңіл-күйдің әр алуандығымен ертегілер еліне енгендей сезім тудырары анық. Бұл суреттер арқылы қазақ ертегілері мен аңыздарының сюжеттерін түрлі-түсті суреттермен комикс жанрында көрсету, ертегілер мен аңыздардың мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер әлемінің бейнесін көрсету, балаларға Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ халқының мәдениеті мен әдет ғұрпын үйрету мақсатында жасалынатынын Әмина айтып өтті.
Кез-келген тақырыпты комикс тілінде сөйлетуге болатынын қазіргі таңда Әмина дәлелдеп отыр. Бұл Әминаның шығармашылығының тек қана бастамасы екенін, оны әрі қарай дамытуға өз үлесін қосуға шыңдайтынын анасы да мақтана айтты. Әрине, әр баласының жеткен жетістігі ана үшін үлкен бақыт. Әминаның таланты әрі қарай дамып, жетілуіне тілектеспіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане