Наурыз көже – ұлыс дәмі

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_11_11-2020_6.jpgНаурыз сөзі парсыша «ну – «жаңа», рыз – «күн», яғни «жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді.


Наурыз көженің қалай жасалынатыны туралы Өтепова Злиха әжемізден сұрап білген едік.
- Ұлыстың Ұлы күні жасалатын сыйлы ас – Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалған. Қазақ ұғымында жеті санының киелі сан екені бәріне аян. Көже құрамына кіретін дәмдер де қасиетті саналады. Сол жеті дәмді атап өтсек, көженің негізгі компоненті – су. Су – бар тіршіліктің көзі. Болашақта ұрпағың судай тасып, көбейсін деген ырыммен наурыз көжеге су қосады. «Ас көп болсын» деген ырыммен көжеге сүрленген немесе жас ет қосады. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, дәмді болуы үшін етті суық суға салып, қайнату керек. Ет қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады. Наурыз көжеге дәнді дақылдар да қосылады. Мұнда бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр. Наурыз көжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген мағына жатыр. Май – барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының дәмдік, емдік қасиеттері жоғары. Наурыз көжеге дәм беретін соңғы, жетінші тағам ретінде тұз қосылады. Тұз – адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат,- дейді Злиха апай.
Осылайша Наурыз көженің құрамын біліп қана қоймай, мән-мағынасымен де таныс болғанымыз жөн.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане