«Тілдарын» аудандық байқауы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_11_11-2020_3.jpg16-шы наурыз күні тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Тілдарын» байқауы өтті.


Байқау мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты- үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау.Тiлдiк қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырып, көп тiлдi меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу болып табылады.
Байқау 4 кезеңді құрады. Дәлірек айта кетсек, берiлген тақырыпқа сай «Тұсаукесер» (презентация) өткiзу, «Өз өнерін көрсету», берiлген тақырып бойынша эссе жазу, мәтiнге iлеспе аударма жасау болды. Аталмыш байқауда белсене қатысқаны үшін қатысушылар марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане