Жүлдемен оралған - Сұлтан

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_13_13-2020_5.pngБокс - арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі.


Ал, спорттың бұл түрімен ауданымыздың бүлдіршіндері айналыса бастағаны көңіл қуантады. Бүгінгі санымызда жас спортшы, өзін болашақта үлкен рингте көретін Сұлтан Кинжин. Сұлтан-қазіргі таңда Б.Майлин атындағы орта мектебінің 3-ші сынып оқушысы. Жасына қарамастан ата-анасының рұқсатымен бокспен айналыса бастаған. Әрине, басында қиындықтар болғанын жас бүлдіршін жасырмады. Десе де, оның мақсаты жақсы дайындықпен жүлделі орындарға ие болып, ата-анасының мақтанышы болу еді. Сұлтанның аз уақыт ішінде 2 бірдей жүлделі орындары бар. Байрақты бәсекеде жүлделі 1-ші орынды қанжығасына байлап келген.
«Бүгінде бокста бақ сынап жүрген боксшыларымыз аз емес. Сол ағаларымыз секілді мен де үлкен рингтен көрінгім келеді. Алға қойған мақсаттарым да осы десем болады. Ал,қазір біліміммен бірге бокспен де шұғылданып жүрмін. Бұл мақсатыма деген алғашқы бастамаларым деп есептеймін»,- дейді жас балғын. Ұлдарының жеңіспен оралып, спорттың осы түрімен айналысатынына ата-анасы өте қуанышты.
«Басында ұлымның спорттың қиын түрін таңдағанына уайымдаған болатынмын. Бір жерін жарақаттап ала ма деген ойлар да болып, кішкене қарсы болған едім. Бірақ, уақыт өте келе, бірінші жүлдесін , ұлымның жеңісін көріп, барлық қорқынышым бір сәтте сейілді»,- дейді анасы Анара.
Дарынды шәкірт, озат оқушы, бокстан аудан мақтанышы Сұлтанның әлі талай шыңды бағындырарына кәміл сенеміз. Ел болашағы-Сұлтан сынды талапты да жігерлі жастардың қолында.


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане