Аудандық полиция бөлімі өз көмектерін көрсетті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_14_14-2020_3.jpg«Мемлекеттік деңгейде қабылданған шараларды қатаң бақылап, қиын сәтте мұқтаж адамдарға демеу беріп, қолдау көрсетуді көздеген «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз» атты акция бастау алып, игі істің қолға алынғаны баршаға белгілі».


Президентіміз Қ.Тоқаевта өз Жолдауында дәл осылай айтқан еді. Расымен, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған акция бүгінде облысымыздың барлық қалаларында кеңінен тарап, қолға алынды.
Біздің ауданымыз да қамқорлық жасаудан тасада қалмады. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанна Калимова мен Әйет ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен біріге отырып, аудандық полиция бөлімі көпбалалы отбасыларға өз көмек қолдарын созды.
Бахтияровтар отбасы осындай елімізге төнген қиын шақта қол ұшын созып жатқан жандарға өз алғыстарын білдірді:
«Қазіргі таңда маған қол ұшын берген «Nur Otan» аудандық филиалына, еріктілерге, аудандық полиция бөліміне алғысым шексіз. Осындай ауыр кезеңде көпбалалы аналарды ұмытпай, азық-түлік қораптарымен, химиялық тауарлармен, қазір дәріханалардан табылмай жатырған маскалармен қамтамасыз етіп жатқандарыңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Еліміз тыныш болып, әрқашан балаларымыздың езуінен күлкі кетпесін дегім келеді»,-дейді көпбалалы ана Гүлбазар ханым.
Бахтияровтар отбасының төрт баласы бар. Үш қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған бақытты отбасылардың бірі. Барлық балалары мектеп қабырғасында білім алып жатыр.
Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі жастар болсын, Жасотандықтар, Нұротандықтар, басқа да мекеме ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келетіндігі көңіл қуантады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане