Мектеп оқушылары қашықтан оқуды бастады

Бұл – Қазақстандағы миллионнан астам мектеп оқушысы үшін тұңғыш тәжірибе екені рас.


Басты тоқтала кететін мәселе, халық ішінде қашықтан оқыту мен онлайн оқыту екеуі – бір деген түсінік бар. Алайда, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаева бұл екі ұғымға жеке-дара қарау қажет екенін айтады. Басшының айтуынша, қашықтан оқыту – пошта, теледидар, радио, интернет секілді әртүрлі құралдар арқылы білім беру. Осы бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы былай деп түсінік берді: - "Интернетті пайдаланып оқыту ешқайда кеткен жоқ. Ең бастысы, "қашықтан оқыту" мен "онлайн" мағыналарын ажырату керек. Қашықтан оқыту ішіне онлайн оқу да кіреді, тиісінше қашықтан оқыту-кеңірек ұғым. Онлайн деген – мұғалімдердің оқушыларға селекторлық режимде тікелей байланысқа шығып, сабақ өтуі. Бірақ оның ішінде онлайн ғана емес, басқа жүйелер де болады. Ұстаздарымыз қысқа уақыт ішінде тез қашықтан оқыту жүйесіне бағытталып, қайта шеберлігін шыңдап, дайын болды деп айта аламыз». Білім беру басшысы оқушыларды қашықтан оқытудың тәсілдерін де реттестіріп айта кетті. Олар, біріншіден, ұлттық телеарналар, атап айтқанда, «Ел арна», «Balapan» сынды телеарналарда телесабақтар көрсетіледі. Және де интернет платформалар: "Күнделік" электронды журналы, BILIMLAND, DARYN.ONLINE MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom және тағы басқа. Әрбір мектеп өзіне ыңғайлы білім беру платформасын таңдайды. Сондай-ақ, мұғалімдер оқушыларды қашықтан оқыту кезінде әртүрлі мессенджерлерді пайдалана алады.
Сұхбат барысында көтерілген тағы бір мәселе-шағын жинақталған мектептер, кемінде 100 оқушыларға дейін бар білім ордалары штатты режимде бұрынғыдай оқи береді деген шешім қабылданған. Басшы бұл мәселе бойынша да ақпараттандыра кетті: - Қазіргі таңда ауданымыз бойынша 26 мектептен 21 мектеп штаттық режимде бұрынғыша білім алуларын бастады. Бірақ, бұл мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмаған жағдайда, мектеп толығымен қашықтық оқытуға көшеді. Ал, қалған 5 мектеп қашықтықтан оқытуды жалғастыруда»,- дейді білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева.
Тағы басты назарға алатын мәселе - бұл көпбалалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларды компьютерлермен қамтамасыз ету.
- Мектеп балансындағы компьютерлерді балаларға уақытша пайдалануға беру арқылы мәселені шешіп жатырмыз. Бірақ, айта кететін жәйіт- бұл ата-аналарымыздың техникалық құралдардан бас тартулары. Оған себеп, үйлерінде мектеп жасына толмаған балалардың болуы, техникаға жауапты бола алмайтықтындарында. Егер де компьютерлер ата-аналардың қарауынсыз қалған балалардың кінәсінен істен шыққан жағдайда, техниканы қайта өтеуге мәжбүр болады. Сондықтан, ата-аналарымыз ондай жауаптылықты мойындарына алғылары келмейді. Бірақ, басты мәселе компьютерде емес, жоғарыда атап өткенімдей қазіргі қашықтан оқытуды басқа мессенджерлер арқылы да алуға болады. Жалпы, аудан бойынша мектептерде 531 компьютер бар, оның 179 компьютері облыстан берілді. Атап айтсақ, қазіргі таңда Май орта мектебі мектеп баланысындағы компьютерлермен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қамтамасыз етіп отыр. Дәл солай, мектеп баланысындағы компьютерлермен Новоильин орта мектебі де отбасыларды жабдықтап отыр. Ал, Тобыл орта мектебі мектеп баланысындағы, одан басқа облыстық 74 компьютермен , ал, №1 Тобыл орта мектебі 81 компьютерлік техникамен отбасыларды қамтамасыз етті. Аудандық Б.Майлин атындағы орта мектебі отбасыларды 10 компьютерлік техникамен жабдықтап отыр. Аталмыш мектепте мектеп баланысындағы жалпы компьютер саны 80»,- дейді Айгүл Темірханқызы
Байқағанымыздай, аудандық білім беру бөлімі қазіргі таңда білім ордаларын, сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды 100% керекті және қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр деуге болады. Сұхбат соңында білім беру бөлімі басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаева ата-аналардан қолдау сұрады: - Бәрі балаларымыздың болашағы, дұрыс тәлім-тәрбие, жақсы білім алуы үшін істеліп жатыр. Ата-ана қолдауы маңызды. Балалар кітапты көп оқуы керек. Қашықтан оқыту білім саласының өркендеуіне әсер етеді деп ойлаймын. Білім басқармаларымен селектор өткізіп, тапсырма береміз. Күнделікті өткізсек те, түсінбей жатыр. Жаңа жүйеге икемделу оңай емес. Білім саласын одан сайын күрделендіріп жіберуге құқығымыз жоқ. Үйде отырған ата-анаға көмектесуіміз керек. Оқитын бала өзі оқиды. Ата-аналар көмек берсе, бәрі жақсы оқып кетеді»,- дейді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане