Тұтынушыларға төлемдер тағайындау жалғасуда

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтары өз жұмыстарын жалғастырып жатыр.


ҚР Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлем алатын адамтардың тізімінің кеңейтілгенін жария етті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алмас Досжановтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда аудан бойынша 638 тұрғын өз төлемдерін алған. Қазіргі таңда да өтініштер қабылданып жатыр. Мәліметке сай, белгілі бір санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу бойынша нормалар енгізілген. Атап айтқанда: 1, 2, 3 топ мүгедектері; ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; көпбалалы отбасылар; ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер; мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар осы жеңілдікке ие бола алады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане