Ауданымыздың жас сәнқой қызы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_21_21-2020_5.jpgОл-жас болса да, қазіргі таңда барлық жарыстардан жүлделерге иеленіп жүрген бүлдіршін.


Иә, жас шағына қарамастан үлкен белестерге жеткен жас модель, сәнқойқыз-Іңкәр Адаева. 8 жастағы болашақ модель қыз бүгінде облысымызда болсын, республикалық деңгейде болсын, барлық кастингтерге қатысып, өз бағын сынып жүрген бүлдіршіндердің бірі десек болады. Анасының қолдауымен бүгінде облысымыздың жас сәнқойқызы атанып отыр. Әрбір бастаған ісімізде міндетті түрде ата-анамыздың қолдауы керек, сол себепті Гүлшат ханымнан қызы Іңкәр туралы сұраған едік:
«Қызым өте белсенді десем болады. Кейде қарап отырып, өзім де таңқаламын. Сондай энергияға толы қыз. Менің балалық шағымда болмаған дүниелерді жасап, күнде бірнәрсе ойлап тауып отырады.Кейде көзім тиіп кете ме деп те қорқамын. Десе де, мен қызымды мақтан етемін. Кішкентай кезінен сондай пысық бала болып өсті. Қазір маған мен білмейтін заттарды айтып, тамсандырады. Жақында ғана Қостанай қаласында өткен фотосессияға барып келдік. Елде болып жатқан жағдай байланысты онлайн кастинге қатысытық. 1-орынды жеңіп алып, жас модель болды»,- дейді анасы.
Іңкәрдің ғаламтор желісінде балаларға арналған бағдарламада өзінің парақшасы бар. Сол парақшасы арқылы өзінің актерлік шеберлігінде танытып жүр. Жас модель тіпті, гитарадан да сабақ алып жүр екен. Бұл дегеніміз-ауданымызда болашақ жұлдыз өсіп келе жатыр. Біз осындай жас болсада, биік белестерді бағындырып жүрген бүлдіршінге тек қана сәттілік тілеп, мақтан тұтуымыз керек. Балдырған балалық шағында доп қуаламай, өзінің болашағын ойлап, жастайынан жақсы жағына өзгертіп жүрген Іңкәрдің болашақта шоқ жұлдыз болары анық.
«Қазір жастардың бәрі Ютубта емес пе, қызығушылығы да, болашағы да сол жақта болғанымен, мен қызыма Instagram болсын, Ютуб арнасы болсын, рұқсат бермеймін. Толығымен сабағы мен хоббиін реттестіре алатын жасқа келгенде ғана, рұқсат беремін. Қазір өзін барлық жағынан дамытуға өз күшімді де салып жүрмін. Бірақ, көбіне өнерге келгенде, қызым менен асып түседі»,- дейді Гүлшат ханым.
Расыменде, баланы бетімен жібергенше, тыйылуды да білдіріп өсіру керек. Болашақ жұлдыз, сәнқой қызымыздың қадамына нұр жаусын. Алға қойған арман-мақсаттарына жетіп, еліміздің атын әлемге танытар шоқ жұлдыз болып жанғайсың демекпіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане