«Бала тілі - бал»

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_23_23-2020_2.jpg«Тілімді білсең – жанымды түсінесің» демекші, Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерімен ұйымдастырылған дәстүрлі «Бала тілі- бал» аудандық байқауы биыл «Айгөлек» балабақшасында өткізілді.


Сайысқа қатысуға ауданымыздағы аталған балабақшадан 8 тәрбиеленушілері тілек білдірген болатын.
Байқаудың мақсаты — өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, бүлдіршіндер арасындағы талантты, өнерлі балаларды анықтап, мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беретін мекемелердің мемлекеттік тілді үйрету деңгейін анықтау болып табылады.
Сынға түскен бүлдіршіндер екі бөлімнің тапсырмасы бойынша бақтарын сынады. Өзі туралы өлең жолымен таныстырып қана қоймай, сондай-ақ, қазақ тілінде тақпақ, ән айтты.
Байқауға қатысушылардың жеңімпаздарын анықтау мақсатында Instagram желісі арқылы көпшілік дауысы бойынша анықталды.
Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша I – орынға ие болған Еркін Ақерке. Ал, ІІ-орынды Ғазиз Аделя, ІІІ-орынды Аманжол Танзия қанжығаларына байлады. Сайысқа қатысушы барлық бүлдіршіндер сыйлықтар, мадақтамалармен, ал, балабақша ұжымын тәрбиеленушілерді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане