Латын әліпбиіне көшу - еліміз үшін мәні бар оқиға

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_23_424524534534535435.jpgМемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай, бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.


Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.
Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиіне көшу- еліміз үшін мәні бар оқиға. Себебі, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әліпбиді өзгерту - тіліміздің халықаралық аренаға шығуына да мол мүмкіндік туғызғалы тұр.
Тілдерді оқыту орталығының басшысы Армангүл Токтубаеваның ақпаратына сүйенсек, қашықтықтан онлайн және оффлайн режимінде орталықтың оқытушылары ақпараттық сағаттар және Zoom платформасы арқылы мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру және түсіндіру бойынша басқа да іс-шаралар өткізген. Zoom платформасы арқылы барлығы 304 адамды тікелей қамтитын 27 іс-шара өткізіліп отыр.
Сонымен қатар, республикалық ашық талқылауда қатысушыларға латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің А нұсқасы, Ә нұсқасы және аралас нұсқасы ұсынылып, талқыланған болатын.
Әліпбидің үш нұсқасын Нұр – Сұлтан қаласындағы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы ұсынып отыр.
Ұлттық комиссия жанындағы орфографикалық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық сүймелдеу жұмыс тобының мамандары атқарған жұмыс нәтижесінде құрылған үш нұсқаның біреуі – қазіргі акутты нұсқаның жетілдірілген түрі (А нұсқасы), екіншісі – умлаутты әліпби (Ә нұсқасы) және үшіншісі – аралас әліпби (мұнда кейбір кирилл әріптері сақталған).


 
Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане