Тобыл кентінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда

Ауыл – қазақтың қасиетті құт-мекені, қайнар көзі, алтын бесігі. Киелі қазақ даласы ғасырлар бойы халықтың өзегін талдырмады. Өсіп-өнуіне мүмкіндік берді. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше.


Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. Осы мақсатта Елбасы «Ауыл - ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді. «Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек» -, деді Мемлекет басшысы.
Жобаның басты мақсаты-ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық округтердің әлеуметтік ортасын жаңғырту екендігі белгілі. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылында ірі елді мекендерге баса назар аударылды.
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін ауылдарды іріктеу әкімшілік мәртебесіне, даму перспективасының болуына, халық санына, шекара маңындағы орналасуына және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін сипаттайтын басқа да көрсеткіштеріне сүйене отырып, жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта жобаның 2020 жылғы жоспарына жеті ауыл кірді. Олардың ішінде аудан орталықтары – Денисовка, Қамысты, Қарабалық, Қарамеңді, Ұзынкөл, сондай-ақ, Силантьевка және Тобыл кенттері бар», - деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Тобыл кентінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Биыл кентімізде «Ауыл- Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 5 көше жөнделеді деп жоспарлануда. Атап айтқанда, Теміржол вокзал алаңы –5400 ш.м., Станционный көшесі Деповской қиылысына дейін -3090 ш.м., 515м., Деповской қиылысынан Бейбітшілік көшесі - Станционный көшесіне дейін-1200ш.м., 200м., Школьный қиылысынан Бейбітшілік көшесі - Целинная көшесіне дейін – 4560ш.м.,760м., Станционный қиылысынан Бейбітшілік көшесінен Целинный көшесіне дейін- 4320ш.м.,720м., яғни, жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы -18 570ш.м., 2 195м. Кейбірінде асфальт жол болмаған, енді орташа жөндеуден өтеді. Осы мақсаттарға 2020-2021 жылдарға республикалық бюджеттен қаралған 126 826,427 мың теңге бөлінді.
Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып, алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане