«Өмірге қолыңды соз!» бір реттік акциясы

1 маусым күні, мектеп басшылары мен басшылардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының басшылығымен ауданымыздың 20 жалпы білім беретін мектептерінде (11 орта, 9 негізгі) қашықтықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Өмірге қолыңды соз!» бір реттік акциясы өткізілді.


Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау Орталығы туралы ақпараттандыру, білім алушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, олардың өміріне жаңа қосымша сезімдік бояуларды, мәдени мәндерді енгізу есебінен қатысушылардың өмірлік кеңістігін кеңейту, жалпы, оң тонусты арттыру. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар мен ересектердің (ата-аналардың, педагогтардың) психологиялық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара шеңберінде жазғы кезеңге ұсыныстар, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыптарын қамтитын 2-3 минуттық тақырыптық бейнероликтерді сынып жетекшілер WhatsApp мессенджері арқылы қашықтықтан буклеттер, парақшалар, брошюралар таратылды. Мектеп психолог-педагогтері онлайн экспресс - көмек ұйымдастырып, оқушылар мен ата-аналарды қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Аталмыш акцияға 2063 қатысушы белсенді қатысып, таратылған үлестірмелі материалдар саны -1982 дана, сондай – ақ, әр мектептен жауапты педагог Facebook, Instagram және т.б. әлеуметтік желілерге іс-шараның өту барысы туралы қорытынды ақпараттарды жариялады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане