Полиция қызметі - халық сенімінің айнасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_24_24-2020_8.jpgЖалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.


Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Осындай қасиеттерге ие біздің ауданымыздың полиция бөлімінің қызметкерлері десек, қателеспейміз. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ойрат Жеңісұлы Батырханов бастаған бөлім, бүгінде ауданымызда болып жатқан оқиғалар мен қылмыстардың ашылуына себепкер, тұрғындарға қорғаныш болып отырғаны бәрімізге белгілі. Десе де, әр бөлімнің өзіндік қызметтері мен қиыншылықтары бар. Соның бірі, кезекші бөлім – ішкі істер органдарының ең маңызды қызметтерінің бірі. Ол жерде тәулік бойы халықтан түсетін хабарламалар қабылданады. Әрбір қызметкердің мақсаты бір екенін байқадық. Ол- тұрғындардың қауіпсіздігі.
Полиция бөлімінде жігерлі еңбектерімен көзге түскен тағы бір бөлімше-қылмыстық полиция бөлімшесі. Толығымен бөлімшеге басшылық ететін полиция бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Ермухаметов. Ал,қылмыстық бөлімше басшысы, полиция майоры Талғат Байзаков. Баршаға мәлім, қылмыстық іздестіру қызметі – ішкі істер орган­дарының негізгі құрылымдары­ның бірі болып саналады. Сондықтан да жедел уәкіл беделді мамандық са­налады. Өйткені, олардың қаты­суынсыз қылмысқа қарсы күрес жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, криминалдық полиция бөлімшесінде қылмыс­тық іздестіру қызметімен табанды, жұмы­сына жинақы, әрбір іске нақты талдау жасай білетін қажыр­лы да қайсар азаматтар жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз.
2019 жылдың облыстық қорытындысы бойынша ауданымыздың полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесі облыс бойынша «Үздік бөлімше» саналып отыр. 2020 жылдың 1-ші,2-ші тоқсан бойынша да тергеу бөлімшесі үздіктердің қатарында екенін ескере кеткен жөн. Тергеу бөлімшесінің басшысы полиция бөлімі басшысының орынбасары Олег Сердюктің бастауымен, қызметкерлерімен бірге тергеу саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл мамандықтың иелері қылмыскерлерді аса сақтылықпен құрықтап қана қоймай, бұлтартпайтын айғақтар арқылы оның ақ пен қарасын айырып, ҚР заңына сүйене отырып, тергеу амалдарын жүргізеді.
Полиция бөліміндегі тағы бір бөлімшелердің бірі-жергілікті полиция бөлімшесі. Қазіргі таңда бұл бөлімшеге полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Қайрат Оразбаев жетекшілік етуде. Ал, жергілікті полиция бөлімшесін Жалғас Турпергенов басқарып отыр. Жергілікті полицияға қоғамдық тәртіпті қадағалау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық қылмысқа қарсы күресу міндеттері жүктеледі. Жаңа құрылымға учаскелік инспекторлар, жол-патрульдік, ювеналдық, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және арнайы қабылдау бөлімдері кірмек. Полиция қызметінің қым-қуаттылығына біз тағы да көз жеткіздік. Жергілікті тұрғындар қандай да бір қиындыққа немесе кедергіге тап болғанда, тез арада полициядан араша сұрап, арқа сүйейді. Бұдан халықтың таудай сенімін арқалап, қорған болып жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі орасан екені белгілі болады. Біз аудандық полицейлерге қажымас қайрат пен таусылмас күш-қуат және жұмыстарына сәттіліктер тілейміз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане