Жастардың жұмысы қыза түсті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_24_24-2020_6.jpgЖалынды жастар аудан тазалығына бір кісідей үлес қосуда.


Ауданымыздың жастары көшеде сенделмей, ауылымыздың көркеюіне өз үлестерін қосып жүргенін бүгінде аудан тұрғындары байқаған болар деп ойлаймыз. Өздерінің күш-жігерлерін босқа кетірмей, қоғамдық жұмыстарды істеп жүрген аудан жастары, бүгінде жұмысқа орналасып, жұмыс атқарып жатыр. Аудан орталығының ажарын ашып, көркейте түсуге бір кісідей атсалысып жатқан жастардың көздерінен жалын байқалады. Биыл да жұмыс істесем деген жастардың саны көп болған. Бірақ өкінішке орай, барлығын жұмыспен қамту мүмкін емес екені рас.
- Қазіргі таңда 14 жас жеткіншек қоғамдық жұмыста істеп жүр. Барлығы дерлік өз ниеттерін білдіріп, жұмысқа орналасты. Ең бастысы, мұнда еңбек еткен жастар әсем ауданымыздың тазалығы қандай еңбекпен келетінін түсінеді. Сондықтан олар өзге де жұмысшылардың еңбегін бағалауды үйренеді. Еңбекақыларын тұрақты алып отырады,- дейді Әйет ауылдық округі әкімдігінің маманы.
Жас келсе іске» демекші, еңбек етіп, жастайынан қаражат табуды мақсат еткен жастарға тек сәттілік тілейміз.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане