- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 25.06.2020 06:29
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 691
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының саналы және тиімді жұмысы, мемлекетіміздің өсуіне және дамуына әсер етеді.
Мемлекеттік қызметші өзінің ел алдындағы тікелей міндеттерін орындаумен қатар, жұмыстағы, отбасындағы, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа, адамдармен ортақ тіл таба білу үлгісіне айналуы керек.
Бүгін біз «Тобыл кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Яковщенко Галина Семеновнаны сөзге тарттық:
- Мен өмірімнің 31 жылын мемлекеттік қызметке арнағанымды мақтан тұтамын. Менің міндеттерім: Тобыл кенті тұрғындарының есебін үй кітапшаларында және электронды деректер базасында жүргізу, жеке қосалқы учаскелер үшін электронды тіркелімді жүргізу, Тобыл кентіндегі тұрғын үй қорының есебін жүргізу, статистикалық есептерді жасау, тұрғылықты жерінен анықтама беру, отбасының құрамы және қосалқы шаруашылық туралы деректерге, сұрауларға жауаптар дайындаймын.Біз күн сайын азаматтармен тығыз байланыс жасаймыз, оларды тыңдаймыз, проблемалары мен қиындықтары туралы білеміз, заңды мүдделері мен құқықтарын қанағаттандыруға көмектесеміз және оларды қарау тәртібін түсіндіреміз. Кейде біз азаматтардың наразылығын тыңдауға мәжбүрміз, тіпті, қиын жағдайда да сабырлы және ұстамды болуымыз керек.
Мен үшін мемлекеттік қызмет - бұл адамдарға қызмет ету, Отанға қызмет ету. Өз жұмысыңды адал атқарудан, әріптестеріңді қолдаудан, өзара түсіністік пен ортақ мүдделерден тұратын топтың құрамында болудан артық бақыт жоқ. Өйткені, мемлекеттік қызметтің басты мақсаты - халыққа қызмет ету, адамдарға пайда әкелу. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілерге айрықша көңіл бөлініп отыр, бұл бізге ертеңгі күнге деген сенім оятады, қоғамдағы мемлекеттік қызметтің беделін арттырады. Әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Оларға зор денсаулық, отбасылық бақыт, жұмыстарына табыс тілеймін! Сәттілік, болашаққа деген сенімділік тілеймін!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!