Ауылдың сәнін келтіретін гүлдер

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_26_Screenshot_4.jpgАуданымыз әсем де, жасыл қалаға айналып бара жатыр. Бұл-жыл сайын отырғызылатын гүлдердің көздің жауын алатындығында.
Ауданымыздың келбеті жыл сайын өзгеріп, көркейіп келеді. Әсіресе ауданның көркі көктемде ерекше кейіпке еніп, түрлене түседі. Өйткені, ауданымыз жасыл желекке оранып, қызылды-жасылды гүлдермен көмкеріледі. Алайда, көпшілігіміз, аудан көшелерін абаттандыру үшін жыл сайын қыруар қаржы бөлінетінін, ол үшін қаншама жан тер төгіп еңбектенетінін біле бермейміз.Сөзімізге дәлел суреттегі гүлдер деп ойлаймыз. Биылғы жылы Тобыл кентінде қанша гүл отырғызғаны туралы Тобыл кенті әкімінің орынбасары Аманжол Есмағамбетовтен сұрадық.
- Биылғы жылы кентіміздің көшелері мен орталықтарына 2000 көшет гүл отырғызылды. Осы жылы көшетті отырғызумен ЖК «Лер» айналысқан болатын. Жалпы, көшеттерге 111.000 мың теңге жұмсалынды. Қоғамдық жұмыс қызметкерлері гүлдерді күн сайын баптап отырады. Осы жылы Тобыл кенті көркейе түсуде, - дейді Аманжол Есмағамбетов
Тобыл кенті көркі көк-желек. Көк желектің де көздің жауын алатын, хош иісті гүлдердің көп болғаны жақсы. Бірақ, сол гүлдерді күтіп-ұстайтын, жұлмайтын адамдардың көп болғаны одан да жақсы болар еді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане