Аймақтық ақындар айтысы өтті

25-ші маусым күні «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Өлең сөздің патшасы!» атты аймақтық ақындар айтысы өткен болатын.
Елімізде болып жатқан індетке байланысты айтыс онлайн режимінде өтті. Халықтың есеңгіреп қалғаны рас, сол себепті де, халыққа демеу болсын, өнерден шет қалмасын деген оймен Е.Өмірзақов атындағы мәдениет үйі және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының қолдауымен, аймақтық ақындар айтысын өткізді.
Ауданымыздың намысын қорғаған айтыскер-ақын Мамай Ізтілеу Тұрысбекұлы Рудный қаласының ақыны Ғалымкерей Кенжеғозин Задыгерейұлымен айтысты.
Мамай Ізтілеу Тұрысбекұлы-Амангелді ауданы Есір ауылының тумасы, 13 жасынан айтыска қатысып жүр. Ол-Халықаралық, Республикалық акындар айтысына Қостанай облысының атынан катысып жүрген акын, облысымыздың аудандарында өтіп жатқан көптеген айтыстардың жеңімпазы, Сәт Есенбаев, Файзолла Сатыбалдыұлы, Қарсақ Қопабаев, Мәтібай акын, Ы.Алтынсарин, Б.Майлин атындағы жүлделердің иегері, қазіргі уақытта Тобыл кентіндегі «Думан» Мәдениет үйінде қызмет істейді.
Ғалымкерей Задыгерейұлы Кенжеғозин-Рудный қаласының ақыны, Жанкелді ауданы Жаркөл ауылының тумасы. 2019 жылы Арқалық қаласында өткен халық акыны Қ.Әбіловтың 65 жылдық туған күніне орай ұйымдастырылған аймақтық айтыстың 3-орын иегері, 2019 жылы жерлесіміз Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған «Өзіміздің би аға» Республикалық жыр мүшайрасының 1-орын иегері, 2019 жылы жылы Жітіқара қаласының 80 жылдық тойына арналған облысытық акындар айтысының бас жүлдегері. Лисаков класында өткен Республикалық айтыстың 1-орын иегері.
Аймақтық ақындар айтысына Қостанай қаласы, Мендіқара, Амангелді аудандарының айтыскер-ақындары да бақ сынасты. Нәтижесінде бас бәйгені озық ақындардың ішінде Амангелді ауданының ақыны Серікболсын Әбікен жеңіп алды. Айта кетейік, бас бәйгенің демеушісі «Ақтас» ЖШС басшысы Серікбай Данекенұлы Қадамбаев бас бәйгеге 100.000 теңге сыйлады. 1-ші орынға ауданымыздың намысын қорғаған Мамай Ізтілеу ие болды. Жүлделі 2-ші орынға Рудный қаласының ақыны Ғалымкерей Кенжеғозин ие болса, 3-ші орынды Қостанай қаласының ақыны Нұрсұлтан Қасым қанжығасына байлады. Ал, Амангелді ауданының ақыны Ернұр Әуезхан Б.Майлин атындағы жүлденің иегері атанды. Ақындардың ақшалай жүлделері жеке шоттарына аударылды.
Аймақтық айтысқа «Әділет-Т» ЖШС басшысы Аңсаған Өтеулин, «Майлин» ЖШС басшысы Владимир Бушкин, Жеке кәсіпкер Игорь Черных, «Мечта -98» ЖШС басшысы Владимир Кравчук демеушілік білдірді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане