Астанамыз Нұр-Сұлтан – Қазақстанның шынайы жаңа келбеті

b_600_290_16777215_00_images_images_2020_26_Screenshot_4.gifНұр-Сұлтан – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Елорда шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
Қала кешендерінің әрбірі бір тарих. Жеке-жеке тоқтала берсек, сөз жетпес. Күллі дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген әрбір кешен – шығыстық, еуропалық құрылыс композицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра да алған келбетке ие болған. Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Нұр-Сұлтан астанамыздың тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда-біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Елордамыз қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады.
Тобыл тұрғыны Алменов Медет Полатұлы Елордамыз Нұр-Сұлтанға отбасымен бірге астананы былтыр аралап, өз ойларымен бөліскен еді. Медет Полатұлы жылда отбасымен Елордамызға барғанды жақсы көреді. Отбасылық саяхаттарын ЭКСПО-да экокапсула үлгісіндегі үйді көруден бастаған.
- Экспода - жаңа технологиялар, қызықты экспозициялар. Жай ғана жүре және қарап емес, энергия генерациясының қатысушысы болуға мүмкіндік бар.Үлкен ғимараттың ортасында шар түріндегі павильон орналасқан. Ішінде энергияның баламалы түрлері туралы мол экспозиция. Ең жоғарғы қабатында, интерактивті экспозиция. Әрбір қабат-энергияның баламалы түрінің жеке түрі. Өте ерекше және қызықты. Балаларға өте пайдалы, ересектерге де қызықты. Жоғарғы қабатта үлкен биіктікке шыны еден көпірде болсаң, ерекше естен кетпес сезім аласың,- дейді Медет Полатұлы.
Нұр-Сұлтанның жаңа сауда орталығы MEGA SilkWay назарынан тыс қалмауы мүмкін емес. Өйткені бұл екі Гигант бір дуал бөледі. MEGA SilkWay-бұл үлкен сауда-ойын-сауық орталығы өте әдемі және заманауи орталық.
- Аружан сауда ойын-сауық орталығын да араладық. Ондағы «STAR PLAY» отбасылық-ойын-сауық орталығы бірнеше түрлі аймақтарды біріктіреді: жасөспірімдер, балалар және бүлдіршіндерге арналған аймақ. Бұл ойын-сауық, ойын модульдері, әр түрлі фуд-корттар мен мейрамханаларды біріктіре отырып, қайталанбас ерекше тақырыбы бар еуропалық деңгейдегі ойын-сауық орталығы. Отбасымен демалу ұмытылмастай болды, - деп ерекше бір сезіммен баяндап берді.
Тобылдықтардың бірі Кенжегүл Аманжолқызы Ахметжанова да биыл кезекті демалысқа шыққаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласына отбасымен барып келді.Кішкентай қыздары Нұрайлым мен Әнел елордамыз туралы әсерлерін жарыса жеткізді:
- Нұр-Сұлтан – Қазақстанның бас қаласы. Әсіресе, астананың брендіне айналған «Бәйтерек» монументі ерекше ұнайды және қызықтырады. Мен оны жемісі мол алма ағашына балаймын. Астанамыз- Қазақстанның жаңа өмірінің шынайы кескін-келбеті. Бұл бірегей де дара тұлға – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы деп білемін. Әсем аста­на­мыздың туған күнімен қа­зақ­­стан­­дықтарды және Нұр­сұл­­тан Әбішұлын шын ниетпен құттық­тай­мын!
Кенжегүл Аманжолқызы да өз пікірін айтып өтті:
- Уақыт өткен сайын бедел мен күш-қуат алып келе жатқан Қазақстан мемлекеті әлем картасында мықтап орнықты. Бүгін мемлекетіміздің ең басты саяси, басқару және реформалық шешімдерді қабылдап отырған орталық. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әр азаматымызға өз елінің болашағының қандай боларына әрі оны көз алдындарында бейнесін елестетулеріне мүмкіндік беріп отырған қала. Осы тұрғыда еліміздің дамуына арқау боларына күмән келтірмейді.
Иә, Елордамыздың ерекшеліктерінің бірі-ол қаланың біртіндеп еліміздің мәдени, біліми, интеллектуалды, мағлұматтық және инновациялық орталығы болып келе жатқандығы. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады.Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауиөнер үйлесімді синтезделеді.
Бұл өлке-халықтарды бауырына басып, татуластырып қана қоймай, оларды жаңа қауымдастық, жаңа өркениет құру жолында топтастыра білген өлке.
Елорданың өркендеуі-еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал, сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане