- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 15.07.2020 14:58
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 904
Регина Байгерееваның бір қыры –қолөнерге деген сүйіспеншілігі. Тоқыма тоқудың шебері.
Оның қолынан шыққан бұйымдар сәнді әрі сапалы. Өнерді жанына серік еткен жас таланттың жұмыстары ешкімді бейжай қалдырмайды. Оқушылар арасындағы жарыста үздік атанып жүргені – соның бір дәлелі.
-Мен қолөнер шеберлігімен 5-ші сыныптан бастап айналысамын. Алғаш рет «Шығармашылық қолөнерге» барғанда жаныма жақыны осылай тоқыма тоқып, нешетүрлі дүниелерді жасау екенін түсіндім. Менің осындай шығармашылықпен айналысуыма себепкер болған, қазіргі таңда ұстазым И.В. Алексеева. Мұғалімімнің арқасында осындай дүниелерді өте оңай жасай аламын. Алғашында 4-сыныпқа аяқ басқанымда тек сурет салу үйірмесіне баратын едім, бірақ, одан шектелмей әрі қарай дами түстім десем болады,- дейді жас қолөнерші.
«Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы» деп Регинаға айтылғандай. Себебі, ұстазының еңбегін елеп,қазіргі таңда осындай шебер қолөнерші атанып отыр. Кез-келген жарыстан тыс қалмай, қолынан келгенше үздік болуға тырысатынында жасырмайды. Осындай талантты, қолы шебер қыздың әлі болашағы алда екеніне сеніміміз мол.
- Қызымның осындай жетістіктерге жетуіне атсалысқан мұғаліміне алғыс айтқым келеді. Олар Регинаның бойындағы қарым-қабілетті тап басып танып, қанаттандырды. Алға жетелейтін осындай жетекшісі барына қуаныштымын. Қызымныңда еңбегі, талпынысы зор екеніне кәміл сенемін,- дейді Регинаның анасы.
Анасы дұрыс айтады. Оқушының зейіні мен зердесін ұлағатты ұстаздар ашады. Десек те, бала тәрбиесіне тек мұғалімдер емес, ата-ананың да қосатын үлесі зор. Осындай екі жақты қолдаудың арқасында жас жеткіншектердің талабына нұр жауады. Ақ арманға қанат қағады.
Болашағы ашық Регина Байгерееваның болашаққа жоспары өзінің ісін ашып, әрі қарай дамыту екенінде айта кетті. Бәлкім болашақта көркем еңбек мұғалімі болуы да мүмкін екенін жасырмады.Регина қолынан келгенше жақындарын қуантуға тырысып жүреді. Талантын пайдаланып, ата-анасына, туғандарына сыйлықтар сыйлайды. Расымен де, ең бағалы сыйлық ол қолдан жасалынған сыйлық болып есептелінеді емес пе?! Ана махаббатына, ұстаз мейіріміне бөленген Регина Байгерееваның алар асуы әлі алда.