- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 30.07.2020 06:23
-
Автор: Балзина Атимтаева
-
Просмотров: 739
Қазақтың қанында бар қасиет ұрпақтың жадынан ешқашан өшпейді. Қолда барымен бөлісу, өзгеге көмектесу де адамшылықтың, кісіліктің көрінісі.
Бұл тұрғыда бүгінде жастарды жақсылыққа, кісілік пен кішілікке тәрбиелеуде мемлекеттің де алға қойған мақсаты айқын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Ұрпақты ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешімнің шынында да әрбір азаматтың көкейіне кісіліктің көркем мәмілесін ұялатқаны анық. Бүгінгідей әлем әбігерге түсіп, көпшіліктің көкейі күпті болып тұрған кезде де бір-біріне болысып, барымен бөлісіп жатқан жақсылар бар. Бұл да өзгенің ақысын өз ақысынан жоғары қоя білетін баба-мінездің көрінісі. Өз еркімен елдің қамын ойлаған еріктілік.
Ауданымызда қазіргі таңда 100-ден астам еріктілер тобы құралған. Барлығы дерлік қысылтаяң шақта қол ұштарын созуда. Әрине, сауапты іспен айналысу дұрыс нәрсе. Тіпті, бүгінгідей сәтте көмекке зәру жандар көп.
Бірі қарттарымызға дәрі-дермек апарумен айналысса, енді бірі, көпбалалы отбасына азық-түлікпен көмектесуде. Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде де еріктілеріміз ауданымызда бетперденің жетіспеуіне байланысты, тігін шеберханасында бетперде тігуге көмектескен болатын. Жүрекпен атқарылған жұмыс та жүректерді жібітіп, жылылыққа толтырады. Сондықтан да бүгінгі еріктілік жастарды ертеңгі елдік тұлға деңгейіне дейінгі биікке көтереді. Еріктіліктен – елдік тұлғаға дейінгі аралық бата, һәм алғыспен ғана жалғасады.