Тобыл дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жұмыстары жалғасуда

Тобыл дәрігерлік амбулаториясына жөндеу жұмыстары тез, әрі жақсы жүріп жатқанын байқалады. Қазіргі таңда жұмыстың біраз бөлігі жасалынды.
Ғимараттың сыртқы келбеті толықтай жаңартылуда. Электр қуаты жаңадан өткізілді. Ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп, қабырғалары тегістелінуде. Күрделі жөндеу барысында бірінші және екінші қабатындағы еден тегістелініп, ауыстырылды. Келесі аптада сумен қамтамасыз ету жұмыстары шешіледі. Аурухана алаңдарына тас төсеу толығымен аяқталуда. Шатыр толықтай жөндеуден өтіп, кәріз жүйелері де жаңартылды. Жылыту құрылғылары толығымен ауыстырылған.
Тобыл дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Кузнецова Любовь Игорьевна күн сайын қадағалап, сұрақтарды пайда болса, мердігерлермен келісіліп отырады.
Тобыл дәрігерлік амбулаториясындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар шешімін күтіп тұрған мәселелер болатын, енді міне, жақын арада су жаңа аурухана Тобыл халқына қызмет ететін болады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане